2024 жылдың 22 тамыз күні Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Kazakhtelecom Business» ұйымдастыруымен «Білім берудің цифрлық трансформациясы:қолжетімділік және тең мүмкіндіктер» тақырыбындағы семинар оздырылды. Аталған Республика көлемінде өткен семинарға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» директорының міндетін атқарушы А.Б.Еркамешева қатысты.
🔰Семинар-тренингтің ашылуы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті Цифрлық даму басқармасы басшысының м.а. Ердәулет Дәулетханұлы Әліпбаев пен «Қазақтелеком» АҚ маркетинг және даму жөніндегі директоры Абылай Александрович Джумагелдиновтың құттықтау сөзімен басталды.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті Цифрлық даму басқармасы басшысының м.а. Е.Д.Әліпбаевтың ҚР мектептерінде «Қолжетімді Интернет» Ұлттық жобасын жүзеге асыру» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты.
🔰Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Тіркелген байланыс жобаларының мониторингі және даму дирекциясының басшысы Максут Исмаганбетов «Білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурстарға қолжетімділігінің кейбір мәселелері: тәжірибе және жетілдіру перспективалары» тақырыбы бойынша баяндады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Республикалық ғарыштық байланыс орталығы басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов «Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру объектілерінде Starlink спутниктік байланыс жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаның нәтижелері» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.
🔰Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес бөлімінің алдын ала сату департаментінің директоры Жансейіт Капасов «Қазақтелеком» АҚ білім беру ұйымдарының қауіпсіздік экожүйесінде» тақырыбымен, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес бөлімінің жобаларды әзірлеу бөлімі мамандары Руфина Сейілжанова, Аслан Кәрімовтің «Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асып
