2025 жыл — «Жұмысшы мамандықтар жылы». Осыған орай, 11 сәуір күні облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы 8-10 сынып оқушылар арасында компьютерлік сурет байқауын өткізді. Байқау барысында оқушылар «Жұмысшы мамандығы жылының логотипі» және «Жұмысшы мамандығы жылына арналған баннер ұранымен жұмыстары» ұсынылды, сондай-ақ афиша дайындау тапсырмаларын орындады.
Байқау қорытындысы:
🏅 *І орын* — Беляк Элана (Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты)
🥈 *ІІ орын* — Жумашева Назым (№27 мектеп-лицейі, Орал қаласы), Асылханұлы Әлімжан (Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ, Жәнібек ауданы)
🥉 *ІІІ орын* — Уркенов Артур (Камен ЖОББМ, Бәйтерек ауданы), Губин Артем (№13 ЖОББМ, Орал қаласы)
Сонымен қатар, бірнеше номинациялар бойынша *Грамоталар* тапсырылды:
– Үздік логотип — Жанбулатов Еламан (Жәнібек ауданы Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ)
– Үздік дизайн — Қуаныш Талант (Ақжайық ауданы, Қаршы ЖОББМ)
– Үздік баннер — Лазанова Дарья (Бөрлі ауданы, Приуральный МББК)
– Графикалық бағдарламаларды жақсы пайдаланғаны үшін —Кабиева Аружан (Облыстық дарынды балаларға арналған IT мектеп-лицейі)
– Үздік шешендік өнер — Сапиолла Диас (Казталов ауданы Казталов мектеп-лицейі)
– Патриоттық дизайн үшін — Журмагамбетов Дияр (Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы ЖОББМ)
– Үздік композиция үшін — Дармен Дауренұлы (Казталов ауданы Казталов мектеп-лицейі)
Барлық қатысушыларға табыс тілейміз! 🎨💻 #ЖұмысшыМамандықтарЖылы #байқау #оралбілім #бқо
