27 қараша күні орталығымыздың базасында информатика пәндері мұғалімдерінің арасында «Python бағдарламалау тілінде есептерді шешудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтуде. Семинардың бірінші бөлімінде Батыс Қазақстан университетінің информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ аға оқытушысы Мухамбетова Гайнеш Гумаровна педагогтермен өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, практикалық тапсырмалар орындалды.
