Skip to content

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Облыстық білім беруді ақпараттандыру және…

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының басшысы А.Еркамешева және бөлім басшысы М.Кулекешовтың қатысуымен БҚО цифрлық технологиялар басқармасында «Қазақтелеком» АҚ-мен мектептердегі интернет жылдамдығын көтеру мәселесі бойынша жиын өткізілді.
Жиында ауылдық жерде орналасқан мектептердің интернет жылдамдығын көтеру және қалалық жердегі мектептердің орталықтандырылған сатып алу бойынша мәселелері көтерілді.
«Қазақтелеком» АҚ-на жоғардағы аталған мәселелер бойынша мектептердегі интернет жылдамдығын көтеру бойынша техникалық мүмкіндіктері мен коммерциялық ұсыныстар беруге тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, БҚО цифрлық технологиялар басқармасына шекара маңында орналасқан елді мекендердегі мектептердің интернетке қосу мүмкіндіктері бойынша анықтап беруге ұсыныс жасалды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *