Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес мектептерде ыстық тамақты сапалы ұйымдастыру мақсатында облыс бойынша 90 мектепте аппараттық-бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етілу қажет.
АБК-мен контингент санына байланысты нормаларды белгілейтін № 117 бұйрыққа сәйкес қала және аудан орталықтарында орналасқан мектептер, сонымен қатар оқушылар саны 700-ден асатын ауылдық жерде орналасқан мектептер қамтылу қажет.
Сонымен қатар, облыстың 700 оқушыдан төмен ауылдық жерде орналасқан 263 мектептерде «Бизнес-әмиян» орнату жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 15 қараша күні білім басқармасы мен облыстық ақпараттандыру орталығы мамандары аталған жұмыстардың орындалу барысы туралы аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандарға түсіндірме жұмысын жүргізді.
