Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының 60 мұғалімі робототехника
бойынша біліктілігін арттырады
Елорданың жетекші робототехника мектебі «Роботек» пен “Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы” ұйымдастыруымен, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен 2024 жылдың 5-7 қараша күндері Батыс Қазақстан облысының 60 информатика пәні мұғалімдері мен мамандарына «Спорттық робототехника бойынша біліктілікті арттыру» және «Arduino жинақтары негізінде жобаларды бағдарламалау» бойынша оқу курстары оздырылуда.
«Қазақстанда робототехника бойынша турнирлер саны артуда, бұл
оқушылардың бағдарламалау, механикалық және электронды дағдыларын
дамытуға, сондай-ақ командалық рухты нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл курс
мұғалімдерге оқыту шеберліктерін жетілдіріп, оқушыларды түрлі деңгейдегі
робототехника жарыстарына тиімді дайындауға көмектеседі.
Курстың бағдарламасы 3 күнге созылады, теориялық және практикалық форматтағы сабақтардан тұратын барлығы 20 астрономиялық сағатты қамтиды. Курсты аяқтаған әрбір қатысушыға кәсіби дамуды растайтын сертификат табысталады.