🔷Білім басқармасының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 25 қазан күні Атамекен өнер ордасының базасында Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Республикалық «NatRoboCom-2024 (National Robotics Competition)» роботтық техника жарысы өтуде.
🔷Мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, роботты құрастыру және бағдарламалау бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау және оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру.
🔷Жарысқа Ақмола, Атырау, БҚО, Жамбыл, Қызылорда облыстарының 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларының командалары және Өзбекстан мемлекетінің командасы қатысуда.
