Skip to content

📌 Әлеуметтік желідегі ақпарат – білім саласының айнасы Бүгін БҚО…

📌 Әлеуметтік желідегі ақпарат – білім саласының айнасы

Бүгін БҚО білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының директоры Ақан Бижановтың жетекшілігімен қалалық және аудандық білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша және арнайы ұйымдардың әлеуметтік желіге жауапты мамандарымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпараттың сапасы, мазмұндық өзектілігі мен ресми парақшалардың бірізділігіне ерекше назар аударылды.

🔹 Жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған пікір алмасу форматындағы кездесу мамандардың ортақ міндетін айқындап, кәсіби бағдар берді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *