Skip to content

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТРЕНДТЕРІ»

«Білім берудегі цифрлық инновациялар» педагогтердің
облыстық Тамыз кеңесінің секциялық жұмысы

Білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастыруымен 15 тамыз күні Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі базасында информатика пәні әдіскерлері мен педагогтеріне «Білім берудегі цифрлық технологияларды пайдалану трендтері» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.
Секциялық жұмыс барысында «Білім берудегі цифрлық инновациялар және жасанды интеллект интеграциясы» тақырыбында пленарлық, «Педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында секциялық жұмыс қаралды. Секциялық бөлім информатика пәні мұғалімдері және информатика пәні әдіскерлері екі кабинетке бөлінді. Секциялық отырысқа барлығы 40 әдіскер мен педагог қатысты.

Пленарлық бөлімде «Электрондық оқулықтар: тиімді оқыту кеңістігі» тақырыбында PR-офисінің басшысы Г.Кабдолашева, «Білім берудің цифрлық трансформациясы: STEAM әлеміндегі балалар мен мұғалімдерге арналған оқу платформалары» тақырыбында MARS ROBOTICS” робототехника және инженерия мектебінің негізін қалаушысы М.Мақсот, «Жасанды интеллекттің білім саласына пайдасы мен тәуекелдері» тақырыбында Edata.kz басқарушы директоры Т.Қуандыққызы, «Жасанды интеллект әлеміндегі тұлғаның жеке басын растау (PoP)» ТОО «Alaqan Technologies» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры И.Исенгазиев, «Жасанды интеллект «Нейро-Мұғалім»» Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары А.Бижанов өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Секциялық бөлімнің информатика пәні мұғалімдеріне «Цифрлық технология және жасанды интеллект – ұстаздың жаңа ғасыры» тақырыбында Орал қаласы №50 орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Г.Кабекенова, «Применение сервисов искусственный интеллект как элемент цифровизации обучения» тақырыбында Дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Е.Полулях, «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім» тақырыбында №5 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Ұ.Сарсенгалиева, Б.Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Қуат, «Жасанды интеллект- жаңа мүмкіндік» тақырыбында Орал қаласы №48 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі И.Утешова, «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты бойынша Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының информатика пәні әдіскері Д.Утегалиева өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Секциялық бөлімнің информатика пәні әдіскерлеріне «Білім беру мекемелерінде цифрлық технологияларды пайдалану» тақырыбында Қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімінің басшысы М.Кулекешов, «Ақпараттандыру сандар тілімен» тақырыбында Білім беруді ақпараттандыруды мониторингілеу және медиа бөлімінің басшысы М.Байбулатова, «Искусственный интеллект в образовании» тақырыбында Теректі аудандық білім беру бөлімінің информатика пәні әдіскері А.Томишева баяндады.

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТРЕНДТЕРІ»

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *