2025 жылдың 18 сәуірінде облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы мен Бөрлі ауданының білім беру бөлімімен бірлесе ұйымдастырумен Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектеп базысында «Білім беруді цифрландыру: практикалық колдану тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар оздырылды.
Семинар цифрлық ресурстар мен сервистерді қолдануда тиімді іс-тәжірибені алмасу арқылы облыстың ақпараттандыру мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді.
Семинар ақпараттық, әдістемілік, шеберлік және аналитикалық алаңдарына бөлінді.
Ақпараттық алаңда «Білім беруде оқыту платформалары және ақпараттық технологиялардың маңызы» тақырыбында Ақсай қ.№4 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Т.Джумдаев, Ақсай қ. №1 ЖОББМ директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Б.Муталиева, Ақсай қ. № 7 ЖОББМ директорыңың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Т.Ахметова,
Әдістемелік алаңда “Kundelik.kz платформасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері” тақырыбында Ақсай қ. №2 ЖОББМ директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Д.Жаркеева, «TopIQ платформасының оқу процесіндегі тиімділігі» тақырыбында Ақсай қ. №3 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі М.Махошева,
«Интерактивные уроки географии: создание увлекательных заданий с использованием веб-сайтов» тақырыбында Ақсай қ. №2 ЖОББМ география пәні мұғалімі М.Щапова, «Интерактивті мектеп веб-сайты: идеялар мен мысалдар» тақырыбында Пугачев МББК математика пәні мұғалімі, ақпараттандыру бойынша маман Е.Төлегенов баяндады.
Шеберлік алаң бөлімінде «Click & Speak: ICT Tools for English Learning» тақырыбында Ақсай қ.№3 ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Мауленова, Ақсай қ №4 ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Казманова. «Возможности платформы Оnlinetestpad» тақырыбында Ақсай қ. №3 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі И.Ольховик, «Edu Tech Skills: Навигатор цифрового будущего» жобасы бойынша АБББ әдіскерлері Н.Фисун, Ж.Кукенова, Ақсай қ. №3 ЖОББМ мұғалімдері Д.Мұқашева, И.Ольховик, Ақсай қ. №8 ЖОББМ мұғалімі А.Лукпанова, Ақсай қ. №5 ЖОББМ мұғалімі А.Туысова, Бөрлі ЖОББМ мұғалімі И.Сугурбаева өз іс-тәжірибесімен бөлісті. «Заманауи мектеп: дәстүрден инновацияға»
Экскурсияда «Робототехника – болашаққа қадам» тақырыбында Ақсай қ. №8 ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Қ.Тлебалиев, Ақсай қ. №6 МЛ информатика пәні мұғалімі Ж.Джамбулатова робототехника көрмесімен таныстырды. «Заманауи мектеп: дәстүрден инновацияға» «IT-Квиз» ойының Ақсай қ. №6 МЛ информатика пәні мұғалімдері Ж.Джамбулатова, Д.Темірханов өткізді.
Аналитикалық алаң бөлімінде «ҰББДҚ және Ұстаз платформасының толтырылуы» тақырыбында Қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімінің басшысы М.Кулекешов, «Мұғалімдердің жетістіктерін тіркеу: «Марапат» платформасының жұмысы» тақырыбында Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің информатика пәні әдіскері Қ.Тапишев, «Білім беру ұйымы сайтының жүргізілуі, құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар» тақырыбында Орал қаласының білім беру бөлімінің әдіскері С.Ергалиев, ««Әлеуметтік әмиян» жобасының жүзеге асырылуы» Білім беруді ақпараттандыруды мониторинглеу және медиа бөлімінің басшысы М.Байбулатова, «Білім беру ұйымдарында Starlink желісін орнату» Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің информатика пәні әдіскері М.Есмахов, «Локальді желілерді құрудың негізгі компоненттері мен құрылғылары» тақырыбында Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ақпараттық әдістемелік бөлімінің информатика пәні әдіскері А.Марат баяндады. Семинарға облыстық, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің ақпараттандыру және информатика пәні әдіскерлері мен мамандары қатысты.