Skip to content

🔧 “1300 мектепті жаңғырту” жобасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша…

🔧 “1300 мектепті жаңғырту” жобасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жұмыс кездесуі өтті

БҚО білім басқармасының “Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының” ұйымдастыруымен өткен жұмыс кездесуіне басқарма басшысы Елдос Сафуллин, бөлім басшылары, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары мен есепшілері, құрылысқа жауапты мамандар, мердігер ұйымдар, техникалық және авторлық қадағалау мамандары қатысты.

📌 Кездесу барысында:
🔹 Облыс көлемінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу нысандары бойынша басқарма басшысы Елдос Сафуллин баяндама жасап, өзекті мәселелерге тоқталды.
🔹 2025 жылғы жөндеу жұмыстарының орындалу барысы туралы орталықтың құрылыс және жобалау бөлімінің басшысы Самиғолла Сүлейменов мәлімдеді.
🔹 Мердігер ұйымдар мен авторлық қадағалау мамандары да өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

Басқарма басшысы жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуын қатаң қадағалап, барлық тарапты бірлесе, сапалы жұмыс істеуге шақырды.

Бұл кездесу білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына негіз болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *