Ағымдағы жылдың 19 тамыз күні Бәйтерек ауданы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер мұғалімдеріне арналған «Сапалы білім – жаратылыстану-математикалық сауаттылықтың негізі» тақырыбындағы секция отырысы өтті. Шара аясында көрме, тәжірибе алмасу алаңы, қорытынды бөлім ұйымдастырылды.
Секциялық отырыста информатика пәні мұғалімдеріне «Оқушының ойы – жобада, болашағы – технологияда: жаңа буынға арналған практикалық шешімдер» тақырыбында Астана қаласы, «MARS ROBOTICS» робототехника және инженерия мектебінің негізін қалаушысы М.Мақсот, «Eneasy базасындағы жасанды интеллект құралы және әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында Бөкей ордасы ауданы, Қ.Сағырбаев мектеп балабақша кешенінің информатика пәні мұғалімі Т.Бегишанов, «Біліммен қаруланған адал азамат – болашақтың кәсіби лидері» тақырыбында Орал қаласы, №5 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімдері У.Сарсенгалиева, А.Зейнешова, «Цифрлық әлемдегі қауіпсіз адам және Smart Bala жобасы» тақырыбында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі А.Давлетниязова, «Digital ethics және инклюзия» тақырыбында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімдері Т.Ахметова, П.Бактибаева, «Білім сапасын арттырудағы кәсіби маманның рөлі» тақырыбында Жәнібек ауданы, А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Н.Хаирлиев, «Инклюзивное образование в цифровую эпоху» тақырыбында Орал қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Г.Есламгалиева, Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Э.Максутова, «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің информатика пәні әдіскері Т.Уразов, «STEM жобалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту» Жаңақала ауданы, М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Г.Касиетова шеберлік сабақтар өткізіп, жаңа идеяларымен бөлісті.
Қорытынды бөлімде қатысушылар пікір алмасты. Секция жұмысы мұғалімдерге тың серпін, жаңа оқу жылына шабыт берді.






