📌 Теректі ауданы: білім беру ұйымдарының директорларына арналған семинар өтті
Теректі аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық білім беру ұйымдарының директорларына арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім саласындағы өзекті бағыттар бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
🔹 Спикерлер:
«PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында
Білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» директоры Ақан Бижанов баяндама жасады.
«Ұлттық білім беру деректер қорын өзектендіру» тақырыбында
орталықтың бөлім басшысы Максим Кулекешов маңызды ақпараттармен бөлісті.
📚 Спикерлер мектеп басшыларын халықаралық зерттеуге дайындық барысы, деректер сапасын арттыру, цифрлық жүйелерді тиімді жүргізу бойынша нақты практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етті.
🤝 Семинар білім беру ұйымдарының басқару сапасын арттыруға, деректермен жұмыс істеу мәдениетін дамытуға және халықаралық талаптарға бейімделуге бағытталды. #орал #ақпараттандыруорталығы #бқо #ciso #pisa
