Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан бітіргені туралы құжат.
Лауазымдық міндеттері:
– аудан (қала) педагогтерімен бірлесіп әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;
– облыс мұғалімдері мен педагогтарына арналған облыстық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, олимпиадалар, байқаулар, он-лайн сабақтар өткізеді, тапсырмаларын дайындайды.
– білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша курстар өткізеді;
– білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға консультативтік және практикалық көмек көрсетеді;
– алдыңғы қатарлы оқыту және тәрбие технологиялары бойынша ақпараттарды топтастырады және таратады;
– IT-алаңның жұмысын ұйымдастырады;
– жалпы орта білім беретін мектептерде информатика пәнінің берілуін зерделейді;
– білім беру ұйымдарымен BilimClass электрондық порталы немесе журналының толтырылуын қадағалайды және мониторинг жасайды;
– Бағдарламалау тілдері бойынша практикалық семинар ұйымдастырады;
Аталған лауазымға конкурс бойынша қабылданады.
– YouTube қосымшасына мұғалімдердің үздік сабақтарын орналастырады.