✅Ағымдағы жылдың 25 ақпаны күні білім басқармасының басшысы міндетін атқарушы А.Темірханова білім басқармасының қызметкерлері және аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларымен аппараттық кеңес өткізді.
✅Кеңесте мектептердегі білім сапасы, қауіпсіздік, әлеуметтік әмиян, «Жұмысшы мамандықтар жылы» бойынша облыстық жоспардың орындалуы, «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы және PISA өтетін мектептердегі техникалық әзірлігі, сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ мектеп ас блоктары, сабақтан тыс уақытта қосымша білім берумен айналысатын оқушылар, кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қолжұмсау, құқықбұзушылықтың алдын алу, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алу мүмкіндігін жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына 2023 және 2024 жылдары аудан, қала бойынша түскен балалар туралы мәселелер көтерілді.
✅Аталған мәселелер бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
