Жобалау және құрылыс бөлімі мынадай міндеттерді атқарады:
- білім беру объектілерін салу, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды зерделейді;
- білім беру ұйымдары объектілерін ағымдағы, күрделі қайта қалыпқа келтіру және құрылыс жұмыстарын жоспарлайды;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру барысында жеке кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырады және осы жобаны іске асыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
- құрылыс объектілері бойынша сараптамадан өткізер алдында жасақталған жобаларды тексеру жүргізеді, қажетті жұмыс бабында туындаған өзекті мәселелерді өз құзыретіне сәйкес шешу жолдарын реттейді;
- облыс көлеміндегі білім нысандары ғимаратының жай-күйін анықтайды;
- облыс көлеміндегі білім мекемелермен құрылыс жобалары бойынша жұмысты ұйымдастыруда туындаған сұрақтарды бірлесе шешуді қарастырады;
- инвесторлармен байланыс саласындағы ұйымдастыру саясатын жүзеге асыруға бағытталған перспективалы және ағымдағы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға басшылық жасайды;
- білім нысандарының жылыту жүйесіндегі қазандықтардың мәселелерін шешуді қарастырады және көмек көрсетеді;
- апатты жағдайда және үш аусымда оқытылатын білім мекемелерінің құрылысын инвесторлар арқылы шешуді жүзеге асырады;
- облыстың білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;