Skip to content

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру…

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімінің маманы бос лауазымына тағайындауға конкурс жариялайды.
Заңды мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 72 үй.
Телефоны: 8 (7112) – 26- 04 – 64, эл.пошта: bkociso@mail.кz.
Лауазымы: қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімінің маманы – 2 бірлік, тұрақты.
Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 105 000 теңгеден басталады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан бітіргені туралы құжат;

Конкурсты өткізу орны: конкурс БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 72 үй мекен-жайындағы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өткізеді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2025 жылдың 10 қаңтарынан бастап 7 (жеті) жұмыс күндері қабылданады. Әлеуметтік Instagram желілері «bqociso», facebook «Ақпараттандыру орталығы».

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *