Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.
Қажетті мамандар тізбесі:
- Қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімінің маманы-1 бірлік, тұрақты;
- Материалдық есепші-1 бірлік,тұрақты.
Конкурсқа қатысу үшін қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімінің маманы лауазымына қойылатын талаптар:
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе техникалық білімі бойынша бітіргені туралы құжат және мамандығы бойынша кемінде 3 жұмыс өтілі;
Лауазымдық міндеттері:
- білім беру қызметкерлеріне, аудандық және қалалық информатика пәні әдіскерлеріне консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді;
- педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерделейді және насихаттайды;
- облыстың білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісінде жаңа үлгідегі кабинеттер мен интерактивті құрылғылардың жұмыс жасау және қолданылу жағдайын зерделейді;
- білім беру ұйымдарының интернет желісіне қосылу жағдайын қадағалайды;
- облыс мұғалімдері мен әдіскерлеріне, мектеп оқушыларына арналған байқаулар, семинарлар және басқа да шараларды техникалық сүйемелдейді;
- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспары бойынша өткізілетін білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шараларға техникалық қолдау көрсетеді;
- Білім басқармасының қызметіне техникалық қолдау көрсетеді;
- ZOOM арқылы өтетін жиналыстарды, онлайн сабақтар, кеңестер, дәрістерді техникалық сүйемелдейді;
- Білім басқармасы мен «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» сайттарының жұмысын қадағалайды;
- ұлттық білім беру деректер қорына білім беру ұйымдарымен статистикалық деректердің уақытылы толтырылуын қадағалайды;
- «Старлинг» интернет желісінің, жергілікті желілер мен интернет желісінің дұрыс орнатылуы мен жүргізілуі бойынша техникалық жағдайын қадағалайды;
- Облыстық білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесінің жұмысын қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
- Облыстық білім беру ұйымдарының жедел басқару орталығына (Центральное оперативное управление-ЦОУ) қосылуын бақылайды;
- орталықтағы жергілікті желілер мен интернет желісінің техникалық жағдайын қадағалайды.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, Қазақстан Республикасының “Ақпараттандыру туралы” заңы өзге де нормативтік – құқықтық актілері және әдістемелік, нормативтік-техникалық материалдар;
- еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурсқа қатысу үшін материалдық есепші лауазымына қойылатын талаптар:
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, бухгалтерлік жұмыс саласында соңғы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері
- мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін (негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды;
- шоттардың жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын, үлгі нысандары көзделмеген бастапқы құжаттардың нысандарын, сондай-ақ ішкі бухгалтерлік есепке арналған құжаттардың нысандарын әзірлейді, есеп жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын айқындауға қатысады;
- шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептіліктің деректері бойынша кәсіпорынның шаруашылық-қаржы қызметін экономикалық талдауға, қазіргі заманғы есептеу техникасының құралдарын қолдану негізінде бухгалтерлік есептің прогрессивтік нысандары мен әдістерін әзірлеуге және ендіруге, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады;
- бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
- бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді;
- мекеменің негізгі құралдары мен тауар-материалдық құндылықтарының есебін жүргізеді, оларды түгендеу және есептен шығаруды ресімдейді;
- басқа мекемелермен келісім-шарттар рәсімдейді.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңы;
- бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
- жоғары тұрған қаржы және бақылау-тексеру органдарының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есеп жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты әдістемелік және өзге де материалдар, құралдар, азаматтық, қаржы, салық және әкімшілік-шаруашылық заңнама;
- еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурс бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Ереже жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 № 432 бірлескен бұйрығымен).
Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Конкурсты өткізу орны: конкурс БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 72 үй мекен-жайындағы “Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының “Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өткізеді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2025 жылдың 3 маусымнан бастап 7 (жеті) жұмыс күндері қабылданады. Әлеуметтік Instagram желілері «bqociso», facebook «Ақпараттандыру орталығы».
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) Соттамағаны туралы анықтама;
11) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынылуы тиіс.
Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Сүндетқали Есқалиев көшесі, 72 үй.
Телефоны:8 (7112) – 31-03-05, эл.пошта: bkociso@mail.кz.