Батыс Қазақстан облысы білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы білім беру саласындағы жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары мен инновациялық шешімдерді таныстыру бойынша маңызды іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында балабақшаларға, бастауыш және орта мектептерге, сондай-ақ колледждерге арналған заманауи құралдар мен платформалар ұсынылды.
🔹
Негізгі таныстырылған құралдар:
Google for Education құралдары
🔹
Жобалық офистер үшін тиімді басқару және ұйымдастыру құралдары.
Цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру.
Canva
🔹
3 миллионнан астам шаблондар арқылы оқушылар мен студенттердің шығармашылық және визуалды дағдыларын дамыту.
Білім беру материалдарын тартымды әрі сапалы түрде әзірлеуге мүмкіндік береді.
eData платформасы
🔹
ЕНТ, МОДО, PISA тестілеулеріне дайындалу үшін арнайы жасалған тренажер.
Білім алушылардың дайындық деңгейін жақсартуға бағытталған.
