Білім басшыларына арналған «ӨСУ ВЕКТОРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ КӘСІБИ ДИАЛОГ АЛАҢЫ
Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінде МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ӨСУ ВЕКТОРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ КӘСІБИ ДИАЛОГ алаңы өтті. Шараны БҚО әкімдігі мен БҚО білім басқармасы ұйымдастырып отыр. Оған аудан және қала мектептерінің директорлары қатысты.
Сөз алған облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Меңдіғалиев еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға үлкен жағдай жасап отырғанын, биыл және алдағы жылдары облысымыздағы білім ошақтары модернизацияланатындығын тілге тиек қылды. Пәндік кабинеттер жобасының жұмыстары әлі де жандандырылатын болады деді.Бүгінгі шараны өткізудегі негізгі мақсат та осы мектептердегі жұмыстардың жағдайын көтеру бағытындағы жұмыстарды бетпе-бет талқылау, ой бөлісу – деді облыс әкімінің орынбасары.
Шара модераторы, білім басқармасының басшысы Е.Н.Сафуллин алаңдағы алғысөзінде білім берудегі жүргізіліп жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың табыстылығын анықтайтын басты тұлға – мектеп басшысы. Осы орайда, бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – мектеп басшыларының басқару тиімділігіне ерекше көңіл бөлу-деді.
Шара одан әрі спикерлердің жарыссөзіне ұласып, еркін ойлар мен сарабдал пікірлер ортаға салынды.
«Функционалдық сауаттылық және білім беру стратегиялары: BINOM және халықаралық тәжірибелер» тақырыбында «BI Education» ЖШС «Білім болашағы» қорының атқарушы директоры Ш.М. Кадырова сөз алса, «Мектеп директоры: менеджер, әлде көшбасшы?», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, университеттің «Білім берудегі инновациялар және цифрлық оқыту» орталығының ғылыми жетекшісі С.М. Бахишева ал, «21 век. Онтология образования цифровой эпохи» тақырыбында педагогика ғылымының кандитаты Л.В. Обыденкиной дайындаған ақпараттарын ұсынды.
«Мектеп директоры жұмысының негізгі көрсеткіштерін анықтау және өлшеу» жайында Орал қаласы, НЗМ директоры А.Т.Айтпукешев,«Тектілік феномені: дәстүр мен жаҺандану» тақырыбында М.Өтемісов атындағы БҚУ, доцент, тарих ғылымдарының кандитаты Ж.Ж.Жақсығалиев айтты.