🔧 Білім беру нысандарын жаңғырту: күрделі жөндеу жұмыстары талқыланды
2025–2027 жылдары Батыс Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерін реновациядан өткізу Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Осыған орай өткен кеңесте күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімі басты назарда болды.
Жиынға мердігер ұйымдар, авторлық және техникалық қадағалау мамандары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
📌 Көтерілген негізгі мәселелер:
▪️ Жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету
▪️ Бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты игерілуі
▪️ Бірінші кезектегі нысандардағы жұмыстардың уақытылы аяқталуы
▪️ Қауіпсіздік талаптарының сақталуы
▪️ Бұрын анықталған кемшіліктерді ескере отырып, шешім жолдарын табу
Бұл кездесу – білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты әрі маңызды қадам.