Қаратөбе ауданында облыстық семинар өтті
2025 жылғы 16 мамырда Қаратөбе ауданы Шөптікөл мектеп-балабақша кешенінде «Білім берудегі цифрлық дағдыларды дамыту: қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар» атты облыстық семинар өтті. Шараны Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы мен Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Семинар цифрлық ресурстар мен сервистерді қолдануда тиімді іс-тәжірибені алмасу арқылы облыстың ақпараттандыру мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинар ақпараттық алаң, ашық сабақтар, аналитикалық алаң, шеберлік алаң бөлімдеріне бөлінді.
Ашық сабақтар бөлімінде география пәнінен «Дүниежүзілік шаруашылық салаларының сипаттамасы» тақырыбында «Шөптікөл МББК» география пәнінің мұғалімі Н.Қалиуллина, Қоскөл ЖОББМ-нің информатика пәнінің мұғалімі Ж.Хаба, Химия пәнінен «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» тақырыбында «Шөптікөл МББК» химия пәнінің мұғалімі П.Кеңесова, Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе МГ информатика пәнінің мұғалімі Н.Жексенғалиева, Қазақ тілі «Сан есім» тақырыбында «Шөптікөл МББК» – нің бастауыш сынып мұғалімі Е.Орынбасаров, информатика пәнінің мұғалімі Н.Амантай ашық сабақтар өткізді.
Аналитикалық алаң бөлімінде «ҰББДҚ және Ұстаз платформасының толтырылуы» Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімінің басшысы М.Кулекешов, ««Әлеуметтік әмиян» жобасының жүзеге асырылуы» Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының білім беруді ақпараттандыруды мониторингілеу және медиа бөлімінің басшысы М.Байбулатова, «Локальді желілерді құрудың негізгі компоненттері мен құрылғылары» Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ақпараттық әдістемелік бөлімінің информатика пәні әдіскері А.Марат, «Цифрлы мектеп-болашақтың кепілі» Қоскөл ЖОББМ –нің директордың АЖЖ орынбасары М.Ибрашев, «Жасанды интеллект: AR шынайылық кубы» Қаратөбе балалар шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы Г.Имашева өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шебер алаң бөлімінде «ҚМЖ жоспарлауда қазіргі заманғы әдістерді, технологияларды қолдану» тақырыбында Жамбыл МББК –ні директорының АЖЖ орынбасары А.Тілепиев, «Заманауи цифрлық кітап және графикалық постер» тақырыбында Мұхит атындағы ЖОББМ –нің директордың АЖЖ орынбасары Ж.Жаишева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ш.Қанатқызы, «БЖБ,ТЖБ,ББЖМ сұрақтарын цифрландыру және оларды талдауды автоматтандыру технологиялары» тақырыбында Шөптікөл МББК – нің әкімшілігі А.Бердіғалиұлы, А.Жұбанғалиев, Н.Қалиуллина, Н.Нариманов өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараға облыс, аудан және қала деңгейіндегі әдіскерлер мен мамандар қатысты.
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

