🔰
«Білім берудегі цифрлық инновациялар» педагогтердің
облыстық Тамыз кеңесінің секциялық жұмысы
Білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастыруымен 15 тамыз күні Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі базасында информатика пәні әдіскерлері мен педагогтеріне «Білім берудегі цифрлық технологияларды пайдалану трендтері» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.
Секциялық жұмыс барысында «Білім берудегі цифрлық инновациялар және жасанды интеллект интеграциясы» тақырыбында пленарлық, «Педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында секциялық жұмыс қаралды. Секциялық отырысқа барлығы 40 әдіскер мен педагог қатысты.
