Skip to content

БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ МОНИТОРИНГЛЕУ ЖӘНЕ МЕДИА БӨЛІМІ

Білім беруді ақпараттандыруды мониторинглеу және медиа бөлімі мынадай міндеттерді атқарады:

  • білім беру қызметкерлеріне, аудандық информатика пәні әдіскерлеріне консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді;
  • педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерделейді және насихаттайды;
  • облыстың білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісінде жаңа үлгідегі кабинеттер мен интерактивті құрылғылардың жұмыс жасау және қолданылу жағдайын зерделейді;
  • оқушылар арасында байқаулар ұйымдастырады және өткізеді;
  • Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспары бойынша өткізілетін білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шараларға эскиздер жасайды, безендіреді және баспа өнімдерін дайындайды;
  • білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шаралардың фото және бейне түсірілімдердің жүргізілуін шараларды мерекелеу сценарийлері бойынша бейнематериалдардың дайындалуын қадағалайды;
  • оқытудың жаңа технологиялары мен цифрлық білім беру ресурстарын енгізу;
  • білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру жобаларын үйлестіру және сүйемелдеу;
  • ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру сапасын бағалау және мониторингілеу жүйесін іске асыруға қатысу;
  • Ұлттық білім беру дерекқорының (ҰБДБ) мониторингін және әкімшілік есептілікті қалыптастыру; 
  • облыстың білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мониторингін жүргізу.
  • облыстың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына мониторингті жүзеге асыру, қолданыстағы компьютерлік техника паркін жаңғырту және оларға қызмет көрсету;
  • Instagram, Facebook әлеуметтік парақшаларын жүргізу, білім беру жүйесінің сайттарын құру және сүйемелдеу;
  • полиграфиялық қызметтер көрсету;
  • баспа және электрондық түрдегі оқытудың жаңа технологиялары бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдарды әзірлеу және басып шығару, сондай-ақ өз құзыреті шегінде әдістемелік әдебиеттер шығаруды жүзеге асыру;

мекеме құжаттарының көркемдік-безендіру жұмыстарын орындайды.