БҚО әкімдігі білім басқармасы ұйымдастырған директорлар кеңесінде білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланып, облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының директоры А.Бижанов қауіпсіздік қызметі бойынша жедел әрекет етуде нұсқаулық берді.
🔹
Оның ішінде білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылған:
✔️Полиция департаментінің жедел басқару орталығына дабыл сигналдарының жедел қосылуын қамтамасыз ету;
✔️Бейнебақылау камераларын орнату және олардың тиімді жұмыс істеуін бақылау.
🔹
Бұл шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге бағытталған.
