Skip to content

БҚО білім басқармасының Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының…

БҚО білім басқармасының Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының басшысы Бижанов Ақан Мәлікұлы бүгін облыстағы аудандық және қалалық қосымша білім беру ұйымдарымен ZOOM арқылы Microsoft компаниясының платформалары мен қосымшаларын білім беру саласында қолданудың үлкен мүмкіндіктерін ұсынды. Copilot, Teams, OneNote, Whiteboard, Outlook, OneDrive, Sway, Excel, PowerPoint секілді құралдар мұғалімдер мен оқушылардың тиімді жұмыс істеуіне көмектеседі.
Мұндай цифрлық шешімдер:
✅ Ұжымдық жұмыс пен қашықтан оқытуды жеңілдетеді (Teams, Whiteboard);
✅ Ақпаратты жүйелеуге және басқаруға мүмкіндік береді (OneNote, OneDrive, Outlook);
✅ Презентация және есептеулерді ыңғайлы етеді (PowerPoint, Excel, Sway);
✅ Жасанды интеллект көмегімен жұмысты оңтайландырады (Copilot).
Бұл құралдардың Windows, macOS және мобильді құрылғыларда жұмыс істеуі – білім беру ұйымдарына үлкен ыңғайлылық береді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *