✅Бүгін Жоғары аграрлық-техникалық колледж базасында Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына байланысты, жұмысшы мамандықтар мен IT технологияларын дамытуға бағытталған инновациялық көрме оздырылды.
✅Көрме аясында түрлі кәсіптер мен заманауи технологиялар саласындағы жетістіктер көрсетіліп, қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынылды. Шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, оларды жаңа цифрлық құралдармен интеграциялау және жастар арасында техникалық білімге қызығушылықты ояту. Көрме барысында келушілер өндіріс саласындағы жаңа IT шешімдермен, заманауи жабдықтармен және автоматтандыруға негізделген құралдармен танысты.
✅Сонымен қатар Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы мамандары іс-шараның өтуіне техникалық сүйемелдеу жүргізді.
