💻 Цифрлық бағыттағы жұмыстар таныстырылды
Облыстық білім басқармасында өткен кезекті аппараттық кеңесте Білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының қызметі жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар облыстағы білім үрдісіндегі платформалар мен жобалық интерактивті платформалар туралы баяндады.
📊 Баяндамашы – орталық директоры Ақан Бижанов орталықтың негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
🔹 Ақпараттық – әдістемелік бөлім
🔹 Білім беруді мониторингілеу және медиа бөлімі
🔹 Ақпараттық қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімі
🔹 Құрылыс және жобалау бөлімі
Әр бөлімнің нәтижелері мен алға қойған міндеттері көрсетіліп, орталықтың ресми сайты таныстырылды.
📌 Кеңес барысында орталықтың білім беру жүйесін цифрландырудағы рөлі мен маңызы ерекше аталып өтті.