Skip to content

«Цифрлық құралдар арқылы инклюзивті білім беру әдістерін жетілдіру» республикалық семинары✅…

«Цифрлық құралдар арқылы инклюзивті білім беру әдістерін жетілдіру» республикалық семинары✅

🔷Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» «Цифрлық құралдар арқылы инклюзивті білім беру әдістерін жетілдіру» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық семинар өткізді.
🔷Семинар Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицей базасында ұйымдастырылды.
🔷Шара барысында информатика пәні мұғалімдеріне инклюзивті білім беруде цифрлық технологиялардың маңыздылығын түсіндіру және олардың оқу процесінде теңдік пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мүмкіндіктері таныстырылды.
🔷Батыс өңірінен «Инклюзивті білім беруде цифрлық құралдар мен ұлттық құндылықтардың үйлесімі» тақырыбында Орал қаласы №48 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімдері Ж.Мендибаева, И.Утешова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *