Skip to content

«DIGITAL SCHOOL» мұғалімдер арасында командалық облыстық байқау Екі кезеңде өткізіледі:…

«DIGITAL SCHOOL» мұғалімдер арасында командалық облыстық байқау
Екі кезеңде өткізіледі:
І кезең – аудандық/қалалық (03 – 19 желтоқсан аралығында).
Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінен пән бойынша (ауданнан/қаладан) 1 жеңімпаз команданың өтініші 22 желтоқсанға дейін жіберіледі.
ІІ кезең – облыстық кезең 26 желтоқсан күні өткізіледі.
Облыстық кезең үш бөлімнен тұрады:
I бөлім – “Digital Quiz” (теориялық бөлім)
Информатика, цифрлық технологиялар және ІТ-инновациялар бойынша тест тапсырмасын орындайды. Тест 20 сұрақтан тұрады (уақыты – 20 минут). Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.
II бөлім – “Code & Logic” (практикалық тапсырмалар)
Командаларға логикалық есептер немесе бағдарламалау элементтері бар шағын практикалық тапсырмалар беріледі (уақыты – 40 минут). Бағалау критерийлері: дұрыстығы, тиімділігі, шығармашылық көзқарас.
III бөлім– “Digital Project” (жобалық кезең)
Командалар «Цифрлық мектеп», «Инновациялық сабақ», «Мұғалімге арналған цифрлық шешім», «AI–Learning Assistant: Оқушыларға арналған жасанды интеллект көмекшісі» тақырыптарының бірінде шағын жоба дайындап келеді. Жоба форматы: презентация, бейнеролик, веб-сайт, интерактив құрал және т.б. Қорғау уақыты – 7 минут.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *