Skip to content

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ «САПАЛЫ БІЛІМ САПАЛЫ САБАҚТАН» АШЫҚ…

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ
«САПАЛЫ БІЛІМ САПАЛЫ САБАҚТАН» АШЫҚ САБАҚТАР ШЕРУІ
​​2025 жылдың 14 ақпан күні Білім басқармасының облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Орал қаласы, №37 жалпы орта білім беретін мектебі және Эстетикалық бағыттағы гимназиясы базасында сабақтың сапасын арттыру арқылы мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибесін насихаттау және білім сапасын жетілдіру мақсатында информатика пәні мұғалімдері арасында «Сапалы білім сапалы сабақтан» облыстық ашық сабақтар шеруі оздырылды.
Ашық сабақтар шеруіне аудандық, қалалық, облыстық мектептерден 15 педагог екі бөлімнен тұратын байқауға қатысты. Бірінші «Педагогтің шеберлік сағаты» бөлімінде педагогтер сабақтар өткізсе, екінші «INNOVATIONS&IDEA» инновациялық идеялар шеруі бөлімінде іс-шараны жоспарлау кезіндегі ерекше идеясымен бөлісті.
Байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар:
І орын – Мендешұлы Жандос, Сырым ауданы Сырым мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі;
ІІ орын – Есетов Әсет Бейімбетұлы, Орал қаласы № 41 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі;
ІІ орын – Байниязов Аскер Аскарович, Бөрлі ауданы Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі;
ІІІ орын – Алибаева Эльмира Койшигалиевна, Ақжайық ауданы Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің информатика пәні мұғалімі;​
ІІІ орын – Тулеуова Айжан Фазыловна, Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі.
​Номинациялар:
«Идеялар шебері» – Шетеева Айымгул Сатыбалдиевна, Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі;
«Креативті сабақ» – Аккунанова Салтанат Сакеновна, Теректі ауданы, Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі;​
«Жаңашыл педагог» – Кожахметова Ляззат Асылбековна, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі;​
Жүлдегерлер дипломдар және грамоталарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жүлделі орын иеленген педагогтерді құттықтаймыз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *