Мектептерді кеңжолақты Интернет желісімен қамтамасыз ету
Облыс бойынша мемлекеттік 364 жалпы білім беретін мектептің барлығы (100,0%) кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Білім беру мекемелеріне интернет желісі алты түрлі технология арқылы таратылады:
- ТОБЖ (талшықтық-оптикалықбайланыс желісі) технологиясы арқылы – 184 мектеп;
- Радиомост арқылы – 31 мектеп;
- LTE – 17 мектеп;
- Starlink арқылы – 124 мектеп;
- Спутник арқылы – 6;
- ADSL арқылы – 2.
Сонымен қатар, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2022 жылғы талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша облыстағы мектептің интернет жылдамдығы Халықаралық телекоммуникация одағының ұсынымдарына сәйкес келеді.