Міндеттері
Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді;
Білім беру қызметкерлеріне, аудандық информатика пәні әдіскерлеріне консультативтік көмек көрсетеді;
Педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерделейді және насихаттайды;
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспары бойынша өткізілетін білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шараларға эскиздер жасайды, безендіреді және баспа өнімдерін дайындайды;
Мекеме құжаттарының көркемдік-безендіру жұмыстарын орындайды;
Уақытында орталық және бөлім жоспарының мазмұнын орындайды;
Атқарылған жұмыстар туралы апталық, айлық есеп береді;
Облыстық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісінде жаңа үлгідегі кабинеттер мен интерактивті құрылғылардың жұмыс жасау және қолдану жағдайын зерделейді;
Ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру сапасын бағалау және мониторинглеу жүйесін іске асыруға қатысу;
Ұлттық білім беру дерекқорының (ҰБДБ) мониторингін және әкімшілік есептілікті қалыптастыру:
Бөлім жоспарына сәйкес апта сайын Ұлттық білім беру дерекқорының толтырылуын тексереді;
Облыстың білім беру ұйымдарынан ақпараттандыру бойынша деректерді жинау және талдау;
Облыстың білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мониторингін жүргізу;
Облыстың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына мониторингті жүзеге асыру, қолданыстағы компьютерлік техника паркін жаңғырту және оларға қызмет көрсету;
Білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шаралардың фото және бейне түсірілімдерін жүргізеді;
Түсірілген кадрлар негізінде бейнероликтер жасау;
Instagram, Facebook, әлеуметтік парақшаларын жүргізу және сүйемелдеу;
Полиграфиялық қызметтер көрсету;
Баспа және электрондық түрдегі оқытудың жаңа технологиялары бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдарды әзірлеу және басып шығару;
сондай-ақ өз құзыреті шегінде әдістемелік әдебиеттер шығаруды жүзеге асыру.