🔰
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп «Starlink» геостационарлық емес байланыс жүйесі базасында Қазақстанның орта білім беру ұйымдарының Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобаны іске асырып жатыр.
Аталған жобаға облыстың талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосылуға техникалық мүмкіндігі жоқ елді мекенде орналасқан 160 ауылдық мектебі енгізілді.
Жоба аясында облыстық бюджеттен 125,0 млн.тенге қаражат бөлініп, мектептерді тізім бойынша қосылу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Starlink абоненттік терминалдар жиынтығын облыстың 137 мектебіне жүргізілді.
