Келісімшартқа қол қойылды✅
📢 Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан универститеті ректоры Нұрлан Серғалиев және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» директоры Ақан Бижанов екі жақты Келісімшартқа қол қойды.👏🏻
✅ Келісімшарт бойынша бірінші тарап студент практиканттарды кәсіптік практикаға жібереді, екінші тарап студенттерді кәсіптік біліммен қамтамасыз етеді.
✅ Студент практиканттарға жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқаулықтар өткізіледі. Студент практиканттарға әдістемелік көмек көрсету , практика жетекшілері ретінде тәжірибелі, білікті оқытушыларды бөлу және практика аяқталған соң әрбір студент практикантқа жұмысы туралы мінездеме берілу мәселелері қарастырылып, екі тарап өзара Келісімшартқа қол қойды.✅👏🏻