«МедиаMob school» облыстық байқау 2025 жылдың 24 қыркүйегі мен 22 қазан аралығында 7-11 сынып оқушылар арасында өтеді.
Өтінімдер Bkociso@mail.kz электрондық поштасы арқылы 2025 жылдың 29 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Бейне роликтеріне қойылатын техникалық шарттар:
– бейне роликтердің ұзақтығы – ең көбі 1 минут;
– сапасы: HD, Full HD;
– форматы: MP4; MOV.
Байқау шарттары:
– Өз мектебіңіздің инстаграм парақшаңызда REELS-ті жариялау;
– Оқушының аты-жөні, сыныбын көрсету;
– Таңдаған номинацияның атауын #ҮзілісПатшалары, #МектепМем-фабрикасы, #СахнаАртындағыСырлар, #МектепкеДейінгіМинуттар хэштегімен белгілеу;
Мысалы: #СахнаАртындағыСырлар
– @bqociso инстаграм парақшасына жазылу;
– @bqociso инстаграм парақшасын белгілеу (REELS салған кезде, «Отметить людей» дегенді басып, @bqociso инстаграм парақшасын белгілеу).
Байқаудың толық шарттарымен сілтеме арқылы таныса аласыз.
https://bqociso.edu.kz/zhas-mobilograftardyn-oblystyk-bajkauyna-katysuga-otinim-mediamob-school/

