🇰🇿 Мемлекет басшысының білім беру жүйесіне жаңа технологиялық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу туралы тапсырмасына сәйкес,«Келешек мектептері» жобасы аясындағы мектептерде«Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект тақырыптарын енгізу жұмыстары басталды.
⚛️ Қазіргі уақытта жасанды интеллект элементтері бар цифрлық шешімдерді білім беру процесіне тәжірибелік тұрғыда енгізу сынақтан өткізілуде. Сабақтар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады: бастауыш сыныптарда түсіндіру ойын және көрнекілік әдістері арқылы жүргізілсе, жоғары сыныптарда оқушылар чат-боттар құру, деректерді талдау және этикалық жағдайларды шешу сияқты жобалық тапсырмаларды орындайды.

