Skip to content

“Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы” базасында Батыс Қазақстан…

“Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы” базасында Батыс Қазақстан облысының 60 мұғалімі робототехника
бойынша біліктілігін арттырды

Елорданың жетекші робототехника мектебі «Роботек» пен “Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы” ұйымдастыруымен, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен 2024 жылдың 5-7 қараша күндері Батыс Қазақстан облысының 60 информатика пәні мұғалімдері мен мамандарына «Спорттық робототехника бойынша біліктілікті арттыру» және «Arduino жинақтары негізінде жобаларды бағдарламалау» бойынша оқу курстары өткізілді..
3 күнге созылған курс бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық форматтағы сабақтардан тұратын барлығы 20 астрономиялық сағатты қамтыды. Курс соңында әрбір қатысушыға кәсіби дамуды растайтын сертификат табысталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *