Ақпараттық – әдістемелік бөлім
Облыстың информатика мұғалімдеріне ғылыми-зерттеушілік және әдістемелік көмек көрсету, оқытудың жаңа технологиялары мен цифрлық білім беру ресурстарын енгізу және аудандық пен қалалық әдістемелік кабинеттердің қызметкерлеріне, мектеп мұғалімдеріне, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының оқытушыларына жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша ғылыми, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету, т.б.
Қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімі
Облыстың білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру және жүргізу, білім беру саласындағы компьютерлік және спутниктік телекоммуникациялардың жергілікті, өңірлік жүйелерін ақпараттандыру бағдарламаларына сәйкес зерттеулерді орындау, әзірлеу және енгізу мен облыстың білім беру мекемелерінде Интернеттің тұрақтылығы мен жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу.
Білім беру ақпараттандыруды мониторингілеу және медиа бөлімі
Ұлттық білім беру дерекқорының (ҰБДБ) мониторингін және әкімшілік есептілікті қалыптастыру, ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру сапасын бағалау және мониторингілеу жүйесін іске асыруға қатысу, Instagram, Facebook әлеуметтік парақшаларын жүргізу, білім беру жүйесінің сайттарын құру және сүйемелдеу және полиграфиялық қызметтер көрсету мен оқушылар арасында байқаулар ұйымдастыру және өткізу.
Құрылыс және жобалау бөлімі
Білім беру объектілерін салу, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды зерделеу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру, облыс көлеміндегі білім нысандары ғимаратының жай-күйін анықтау және т.б.