Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының базасында «Python бағдарламалау тілінде олимпиада есептерін шешудің тиімді жолдары» тақырыбында практикалық семинары ұйымдастырылды.
Семинарда педагогтердің олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын жетілдіру және логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында күрделілігі әр түрлі есептерді шығарып, оқушылардың және мұғалімдердің олимпиадасында кездесетін тапсырмаларды талдады. «Python кітапханаларындағы дайын функциялар мен процедуралар: салыстырмалы талдау және қолдану мысалдары» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Кожахметова Ляззат Асылбековна, «Решение олимпиадных задач» тақырыбында Орал қаласы, № 20 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Ромашко Татьяна Викторовна, «Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Тажиев Мусабек Атабекович, «Қарапайымнан күрделіге: ауыл олимпиадасына дайындықтың жеңіл жолдары» тақырыбында Сырым ауданы, Сырым мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Мендешұлы Жандос, «Олимпиадалық есептердің негізгі түрлері және тиімді шешу тәсілдері» тақырыбында Орал қаласы, № 41 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Есетов Әсет Бейімбетұлы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға аудан, қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдері қатысты.

