«Python бағдарламалау тілінде есептерді шешудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық практикалық семинар
27 қараша күні орталығымыздың базасында информатика пәндері мұғалімдерінің арасында «Python бағдарламалау тілінде есептерді шешудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтуде. Семинардың бірінші бөлімінде Батыс Қазақстан университетінің информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ аға оқытушысы Мухамбетова Гайнеш Гумаровна педагогтермен өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, практикалық тапсырмалар орындалды.
Семинардың екінші бөлімінде «Python тіліндегі шартты операторлар: if, else, elif» тақырыбында Жаңақала мектеп-гимназия информатика пәнінің мұғалімі А.Насымбаева, «Python тіліндегі циклдік операторлар» тақырыбында №42 «Ақ ниет» гимназиясының информатика пәні мұғалімі Д.Курмашева, «Функция мен процедура, Символдық шамалар, Массивтер» тақырыбында А.Тайманов атындағы №34 мектеп -гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Г.Мурзагалиева шебер сабақтарын өткізді.
«PYTHON БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ» ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР