Skip to content

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАР

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Астана қаласы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Маңгыстау облыстары арасында Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі  2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы өзгерістерімен) педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 12-қосымшаның 3.5 тармағына сәйкес педагогтердің республикалық, облыстық, қалалық сараптама кеңесінде ұсынылған авторлық материалдары негізінде тәжірибені тарату мақсатында информатика пәні мұғалімдеріне республикалық онлайн вебинар ұйымдастырылды. Вебинарға «Информатика пәнінде қаржылық сауаттылықты дамыту» курсы бағдарламасы Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Г.Мурзагалиева Гулмира Шугайевна, «Python бағдарламалау тілінде олимпиада есептерін шығару» Жаңақала ауданы С.Мендешов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Карсакова, «МИР С++» для 7-8 классов Дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Е.Полулях, «Интернет в современном обществе. Как бороться с интернет-зависимостью?» Орал қаласы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Г.Сагидуллина, «Phyton программалау тілінде олимпиадаға дайындау» Орал қаласы Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Г.Урашева, «Scratch және машиналық оқыту» Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі А.Мулдашева, «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» (7 сынып)  Бөкей орда ауданы  Ш.Жексенбаев атындағы мектеп-бөбекжай кешенінің информатика пәні мұғалімі Ш.Байгуатова, «Жас програмисттерге арналған Python» Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Л.Кожахметова, «HTML тілінде  Web – беттерін құру» Бәйтерек ауданы Достық ЖОББМ информатика пәні мұғалімі О.Адиева, «Информатика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындауға арналған тесттер жинағы» әдістемелік құралы Қаратөбе ауданы Шөптікөл МББК-нің информатика пәні мұғалімі А.Бердіғалиұлы, «Ақпараттық сауаттылық» 7-8 сынып оқушыларына арналған элективті курс Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының әдіскері Д.Утегалиева, Орал қаласы №48 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі И.Утешова облыстық сараптамалық кеңесінде қаралып, таратуға ұсынылған іс-тәжірибелерін таныстырып өтті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *