Skip to content

Талантты шәкірттеріміздің жетістігі Астана қаласында 27-28 қазан күндері робототехника және…

Талантты шәкірттеріміздің жетістігі
Астана қаласында 27-28 қазан күндері робототехника және бағдарламалау бойынша R:ED FEST республикалық және халықаралық фестивалі өтті. Аталған шараға облысымыздан 10 команда қатысып, Ақжайық және Жаңақала аудандарының командасы абыройымызды асқақтатты.
Ақжайық ауданының Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Сахиев Бақдәулет пен Ерланұлы Иманай «Сызық бойынша қозғалыс. Білім беру конструкторлары» санаты бойынша 14-17 жас аралығында республикалық кезеңде ІІ орын, халықаралық кезеңде І орын иеленіп, жеңімпаз атанды. «Сумо» санаты бойынша 14-17 жас аралығында Айткалиев Санжар мен Жұмағали Әмір республикалық, халықаралық кезеңнің екеуінде де ІІІ орынға ие болды. «Сызық бойынша қозғалыс. Білім беру конструкторлары» санаты бойынша 10-13 жас аралығында Тілекбай Аңсар мен Байтемір Мирас республикалық кезеңде төртінші орыннан көрінді. Шәкірттерді баптаған жетекшісі – информатика пәні мұғалімі Жылқайдаров Айбатыр Бейімбетұлы.
Жаңақала ауданының Жаңақала ЖОББМ-нің оқушысы Сатқали Әлижан «Механикалық сумо» бойынша 7-9 жас аралығында республикалық кезеңде І-орын алып, халықаралық кезеңге қатысты. Жетекшісі – информатика пәні мұғалімі Ильясова Жансая Ильясқызы.
Оқушылардың байқауға қатысуына жағдай жасап, қолдау көрсеткен ата-аналарымызға зор алғысымызды білдіреміз.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *