*“Talpyn” мүмкіндіктер алаңы – 2025*
Жастар мен жұмыс іздеушілерге арналған “Talpyn” мүмкіндіктер алаңы өз жұмысын қайта бастады
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысты.
🔹 Алаң аясында кәсіптік білім беру, IT, қолөнер бағыттары бойынша ақпараттық стендтер мен көрмелер ұсынылды. “Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы” өз мүмкіндіктерімен таныстырды.
Ұйымдастырылған көрмеге атсалысқан ұстаздарға алғыс білдіреміз!
🔹 Тасқала ауданы Сәулет мектеп-лицейі – Шурин Бексултан Базарбаевич
– «Өрт сөндіру-құтқарушы робот» және NST-3 марсоходы жобаларымен ерекшеленді.
🔹 Орал қаласы А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ – Чожикова Жадыра Махсотовна
– Ұлттық құндылықтарды насихаттаған «Көкпар»роботтық ойынын ұсынды.
🔹 Орал қаласы №9 ЖОББМ– Дусмагулов Адильбек Нурланович – Командалық рухты көрсеткен «Арқан тартыс»роботтық жобасымен танылды.
📍Жобаларыңыз – оқушыларға шабыт, болашаққа бағыт!
#MyRobot2025 #Робототехника #ЦифрлықБілім #ҰстазҒажабы #БҚО #ОблыстықБайқау