ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ✅👏🏻
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының бұйрығымен Бижанов Акан Маликулы «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды. Бүгін басқарма басшысы Е.Сафуллин жаңа басшыны ұжымға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Еңбек жолы:
• 2013-2014 жылдар арасында Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернат кешенінің химия пәні мұғалімі;
• 2014-2016 жылдар аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебі АҚҚ Физика-математика бағытындағы химия пәні мұғалімі ассистенті және ғылыми зерттеу жұмысы бойынша координатор;
• 2016-2017 жылдар арасында Оқушылар және жастар сарайы “пәндік-техникалық” бөлім әдіскері;
• 2017-2018 жылдар аралығында Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы құрастырушы-техникалық бөлім меңгерушісі;
• 2018-2019 жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жанындағы ақпараттық -әдістемелік орталық меңгерушісі;
• Күні бүгінге дейін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директорының екінші санатты ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
