Skip to content

📌 Жасанды интеллект – білім берудегі жаңа серпін 🔍 ҚР…

📌 Жасанды интеллект – білім берудегі жаңа серпін

🔍 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, Nazarbayev University Graduate School of Education ұйымдастырған «Білім берудегі аймақтық көшбасшылық: инновация және жасанды интеллект» кәсіби даму бағдарламасы өз мәресіне жетті.

📅 2025 жылдың ақпан айынан басталған бағдарлама аясында қатысушылар AI технологияларын білім саласына енгізу, цифрлық трансформация, көшбасшылық және басқарушылық құзыреттіліктерді дамыту бағытында білім алды.

🎓 Қорытынды кезеңде тыңдаушылар өз жобаларын қорғап, тәуелсіз сарапшылар тарапынан кәсіби бағасын алды.

🏅 Арнайы сертификаттарды ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Nazarbayev University Президенті Waqar Ahmad табыстады.

✅ Аталған бағдарламаға «БҚО білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының» директоры Ақан Бижанов қатысып, өз жобасын сәтті қорғады.

🤖 Жасанды интеллектті тиімді қолдану – заманауи білім беру көшін ілгерілететін маңызды қадам.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *