Skip to content

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕРПІНДІ СЕРІГІ» облыстық семинары

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ

СЕРПІНДІ СЕРІГІ

2024 жылдың 13 желтоқсан күні Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайы базасында «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕРПІНДІ СЕРІГІ» атты облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: жасанды интеллектті білім беру саласындағы қолданылу аясын көрсету, қатысушыларды жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеуге ынталандыру. Аталған семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстық мектептер және аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері қатысты. Семинардың алғашқы бөлімінде «Жасанды интеллект-идеядан нақты жобаға дейін» тақырыбы бойыша аудан/қала әдіскерлері мен пән мұғалімдері көрмелерімен таныстыра өтсе, екінші бөлімде «Педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту» спикерлер өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізді.

Педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту бөлімінде «Eyeconic» smart құрылғысы тақырыбында Орал қаласы Оқушылар сарайының робототехника бөлім меңгерушісі Н.Қырықбаев, «Оқушылар сарайы» Робототехника үйірмесінің жетекшісі Д.Акбулатов, «Cospaces программасы арқылы оқушыларды ұлттық құндылыққа  тәрбиелеу» тақырыбында Орал қаласы №50 орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Г.Кабекенова, №5 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Зейнешова, «Цифрлық әлемдегі голограмма: бастапқы қадам» тақырыбында Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының әдіскері Е.Тыныштықов Е, «Жасанды интеллект әлеміне алғашқы қадам: күрделіні оңай түсіндіру» тақырыбында Сырым ауданы білім беру бөлімінің “Мектеп-лицейі” КММ мұғалімдері Н.Жәнібек, А.Кереева, «Жасанды интеллекттің робототехникадағы рөлі» тақырыбында Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының информатика пәні  мұғалімі А.Кинешов өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында өз іс-тәжірибесімен бөліскен спикерлер мен көрмеге қолдау көрсеткен пән мұғалімдеріне сертификат табысталып, қатысушылар тарапынан кері байланыс берілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *