✅«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕРПІНДІ СЕРІГІ» облыстық семинары оздырылды.👏🏻
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Оқушылар сарайы базасында Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастыруымен «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕРПІНДІ СЕРІГІ» атты облыстық семинар өтті.
Аталған семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстық мектептер және аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері қатысты.
Семинардың алғашқы бөлімінде «Жасанды интеллект-идеядан нақты жобаға дейін» тақырыбы бойыша аудан/қала әдіскерлері мен пән мұғалімдері көрмелерімен таныстыра өтсе, екінші бөлімде «Педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту» спикерлер өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізді.
Семинар соңында «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» директоры А.Бижанов пен директордың орынбасары А.Еркамешеваға сөз беріліп, аталған семинарға өз іс-тәжірибесімен бөліскен спикерлер мен көрмеге қолдау көрсеткен пән мұғалімдеріне сертификат, сондай -ақ, күнделік толтыру бойынша үздік нәтиже көрсеткен аудан, облыстық мектептерге «Күнделік» ЖШС басшысының атынан «Алғыс хат» табысталды.